20 Қаз 2020
Жаңалықтар

" Жетімнің монологы"

10 - қыркүйек күні, мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың 80жылдығына орай, Фариза ескерткішінің алдында 3 - мектеп гимназиясы оқушылары тәрбиелік шара өткізді.

Кешімізді мектебіміздің 11-сынып оқушылары Батырбай Таир мен Садықова Меруерт жүргізсе,Қонысбай Нұрай,Кабидуллаев Мұхаммед, Нәсіпқали Нұрай, Сапарғалиева Аружан,Садықова Меруерт, Айсағали Өтебай сынды оқушыларымыз өз жүректерінен орын алған,Фариза ақынның жырларын жатқа оқыды. Шара барысында музыка пәні оқытушысы Хасанова Гүлшат ақынның әнін тамылжыта орындап шетелдік қонақтарды таң қалдырса, кішкентай қызымыз Нәсіпқали Нұрай ақын апамыздың " Жетімнің монологы" туындысын мәнерлеп оқып, көрермендердің көзінен еріксіз жас шығарды.Кешіміздің соңы Нәсіпқали Нұрайдың мың бұралған биімен аяқталды.