26 Қырқ 2020
Материал №3 мектеп-гимназия

Біз туралы

Құрметті ата-аналар, оқушылар және әріптестер!

№3 мектеп-гимназиясының веб-сайтына қош келдіңіздер!

№3 мектеп-гимназиясы білім саласында қырық жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Мектебіміз Атырау облысы көлеміндегі ең беделді мектептердің бірі. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігіне бағытталған Президентіміздің парасатты саясаты нәтижесінде біздің мектебіміз көпұлтты оқушыларды біріктіріп, саналы да сапалы білім нәрімен сусындатуда.

Бүгінгі күні мектепте 134 мұғалім еңбек етеді, оның 39 – жоғары санатты, 40 – бірінші санатты, 31- екінші санатты. Мектебіміздің 2 мұғалімі  - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері, 2 мұғалім – ҚР Құрметті қызметкері. 80-нен аса ұстаздарымыз ҚР білім және ғылым министрлігінің, Атырау облыстық білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің, облыс және қала әкімдерінің, облыстық және қалалық мәслихаттардың Құрмет грамоталарымен   марапатталған.

Ұстаздарымыздың 90% Жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өтіп, сертификат алған. Ал 25%-ы химия, биология,  физика  және  информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша курстан өтуде.

Кембридж университетінің деңгейлік бағдарламасы бойынша 6 мұғалім – бірінші деңгейлік, 18- екінші деңгейлік, 20 – үшінші деңгейлік курстан өтті және сертификатталды.

Оқушыларымыздың  оқу жетістіктерінің нәтижесі мен педагогикалық коллективтің шығармашылық еңбегі арқасында мектебіміз 2015 жылы гимназия статусына ие болды.

Біздің түлектеріміз республикамыздың және басқа да мемлекеттердің беделді оқу орындарында оқып жүр.

Мектебіміздің оқушылары әр түрлі пәндер бойынша қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары болып саналады: Жандина Светлана – мемлекеттік тіл бойынша республикалық олимпиаданың 2-орын иегері, Сабит Іңкәр – математикадан Москва қаласында өткен халықаралық ғылыми жобалар сайысының қатысушысы, Каким Аружан – Москва қаласында химия пәні бойынша өткен ғылыми жобалар сайысының 1-орын иегері. Жолдасов Ильяс – физикадан халықаралық олимпиада жеңімпазы, қазіргі кезде Санкт-Петербургтың политехникалық университетінде оқып жүр.

Мектепте халықаралық стандарт талаптарына сай жасақталған бокс залы бар. Мектебіміз өз чемпиондарын мақтан етеді: Ульянов Владимир – бокстан Қазақстан чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері;  Дигай Виктор – бокстан спорт шебері, Мукашева Карина – бокстан спорт шеберлігіне үміткер, Алпысбай Аяна – спорттық гимнастикадан Америкада өткен турнирдің 2-орын жүлдегері. Мектебіміздің футбол командасы республикалық деңгейдегі түрлі турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Мектебіміз  шығармашылық табыстарға да ие болып жүр. ЭСПО-2017 көрмесіне қатысып өнер көрсеткен ұлттық би үйірмесін мақтанышпен атай аламыз.

Домбырашы Жунусов Адиль – композитор М.Рзаханұлы сыйлығына арналған халықаралық сайысқа қатысып, Гран-при жүлдесіне ие болды.

Жас домбырашы Абатов Еркебулан – «Жадыра, жас дарын!» халықаралық сайысына қатысып, екінші орын иемденді.

Сіздерді мектебімізден көруге әрқашан да қуаныштымыз!

 

Құрметпен,

№3 мектеп-гимназия директоры

Ерік Әбілханұлы Оралбеков.